Құжатының жарамдылық мерзімі өткен шетелдіктер 5 маусымға дейін Қазақстаннан шығуы тиіс
Құжатының жарамдылық мерзімі өткен шетелдіктер 5 маусымға дейін Қазақстаннан шығуы тиіс
Алматы қаласының көші-қон қызметі осындай ескерту жасады.
Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, шетелдіктерге Қазақстанда уақытша болуға арналған рұқсаттарының мерзімі 5 маусымда аяқталады. Бұл уақытқа дейін жол жүру құжаттарының, шетелдіктің елде тұру ықтиярхатының, Қазақстан Республикасының визаларының, елде уақытша болудың рұқсат етілген мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан аумағынан шығуы тиіс. Осы аралықта шекарадан өткен кезде олар ешқандай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.