Оралда жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Оралда жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Оралда жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін шамамен сағат 13.47-де болды. С.Тюленин мен М.Шолохов көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі мен Toyota Aiphard түйіскен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, Бәйтерек ауданы Дариян ауруханасының санитарлық көлігі екіқабат әйелді кардиологтан кеңес алу үшін облыстық кардиологиялық орталыққа апара жатқан.