"Осыдан кейін кім басшы болады? Кім басшыны қорғайды? Кім ұстаздарды қорғайды? Туған анасы бар, баласына деген жанашырлығы қайда? Ол қалай бірге тұрады? Құрметті сот, жағдайымды ескеріп, ҚР Соты атынан сіз мені ақтап, әділ шешім қабылдайды деп сенемін", – деді Лариса Қожахметова.
10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келген: қылмысты жасырған мектеп директоры сотталуы мүмкін
10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келген: қылмысты жасырған мектеп директоры сотталуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорлық көргенін жасырды деп айыпталған Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметова соттан кешірім сұрады.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, директор оқушының ата-анасы мен туыстарынан бұрын мұғалімнің полицияға шағымдануы міндетті емес екенін және куәгерлердің жауабы қиыспайтынын айтады.
Сот алдындағы соңғы сөзінде Лариса Қожахметова ұстаз болуды бала кезінен армандағанын айтып, қиналған кезде өзін қолдаған әріптестері мен отбасына, тіпті көршілеріне де алғыс айтты. Ауыр науқас екенін және үш бала өсіріп отырғанын айтып, соттан мейірбандық танытуын сұрады.