Қазалы ауданының әкімі тағайындалды

Қазалы ауданының әкімі тағайындалды

Қазалы ауданының әкімі тағайындалды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қазалы аудандық мәслихатының келісімі бойынша аталған қызметке ротациялық тәртіппен Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін Қазалы ауданында өткен жиында таныстырды. Мұхтар Оразбаев 1971 жылы Арал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 2000-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғы қараша айынан бастап Арал ауданының әкімі болды.