Есім хан кесенесін зерттеген Елеуұлы

Есім хан кесенесін зерттеген Елеуұлы

Есім хан кесенесін зерттеген Елеуұлы
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақ­стан» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қым­бат» атты мақаласында былайша тебірене жазған бо­­­латын: «Биыл қас­­­терлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл то­ла­ды. Бұл – қайта жаң­ғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-ба­ба­лары­мыз аңсаған азат­тықтың тұғыры нығая түс­кенін әй­гі­лейтін маңызды белес. Та­рих тұрғысынан ал­ған­да, отыз жыл – көзді ашып-жұмғандай қас қағым сәт. Де­ген­мен, бұл көптеген халық үшін қиындығы мен қуа­нышы, дағ­дарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.

Біз де осындай жолдан өтіп ке­­­­леміз». Осы 30 жыл ішін­дегі отан­дық тарих ғылымының дамуын, оның маңызды бір құрамдас бөлігі бо­лып саналатын отандық ар­хео­ло­гия­ның дамуын­сыз, отандық ар­хео­лог­тарым­ыз­дың жыл сайын ашып жат­қан ке­ре­мет жаңалықтары мен же­тіс­тіктерінсіз көз алдымызға елес­тету мүмкін емес. Әсіресе, соңғы 30 жыл­да отандық археология ғы­лымы қар­қындап дамыды де­сек, қателес­пей­тін шығармыз. Тәуелсіздік кезеңі­нің алғашқы жыл­дарындағы белгілі се­беп­тер­ден туындаған қиын­шы­лық­тар­ға қарамастан археолог – ға­лым­­дарымыз өздерінің сүйікті ісі – ғы­лыми экспедициялар ұйым­дас­тыру мен археологиялық қазба жұ­мыстарын жүргізуді бір сәтке де тоқ­татқан емес. Нәтижесінде ар­хео­ло­гияның жетістіктері Отан тари­хын дамытып, халқымыздың рухани бай­лығын арттырды, ең бастысы, ұлт­тық санамыздың одан әрі нығая тү­суіне септігін ти­гізді. Осы орайда, ар­хеолог ға­лым­дарымыздың еңбегі ұшан-теңіз екенін айта кету орынды деп санаймыз. Археология ғылым са­ласы болса, оны дамытатын ар­хео­лог­тар. Қазір ел архео­ло­гия­сының да­муына өз үлесін қосып, оның ал­дыңғы сапында жүрген, білімі мен бі­­­ліктілігін тек ғылым­ға арнап жүр­ген тұлғаларымыз­дың бірі – әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ, археология, этнология және музеология кафедра­сының профессоры, тарих ғылым­дары­ның докторы, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері, елімізге бел­гілі әрі танымал археолог ғалым Ма­дияр Елеуұлы. Табиғатынан қарапайым, мі­не­зі өте салмақты және са­быр­лы, күнделікті өмір мен ғы­лым жо­лында адами қасиеттерді бе­рік ұста­ным еткен Мадияр Елеу­ұлы бү­гінгі күні 75 жасқа то­лып отыр. Археолог ғалымның өмір есі­гін ашып, балалық ша­ғы өт­кен, мектепте оқып, ер жет­кен өңірі – Сырдың ортаңғы жә­не төменгі ағы­сының түйіскен ай­мағы. Бұл өңір ежел­ден оты­рық­шылық өмір мен қа­лалық мәдениеттің дамыған өңірі бол­ғаны белгілі. Өкінішке қарай, бұ­рын­ғы дәуірлердегі қайнаған өмір мен дамыған мәдениеттің белгісі ре­тінде олардың орнында қазіргі за­манда төбелер мен төбе­шіктер, қа­малдар мен қорғандар­дың іздері ғана қалған. Бала Мадияр осының бә­рін көзімен көріп өседі. Бала кез­дегі «Шіркін-ай, тезірек үлкейіп, ға­лым болып, әрбір төбенің астында қан­дай құ­пиялар жатқанын білер ме екем?» деген арман-қиялы оны бір­­ден археологияға бет бұрғы­зады. Бі­рақ археолог болсам деген арманына ағайымыздың қолы бірден жете қой­майды. Сол жылдардағы тәртіп бойынша мектеп бітірісімен туған ауы­лын­да 1-2 жыл еңбек етті, одан кейін әскери борышын өтеп қайт­ты. Сөйтіп мектептен соң жеті жылдан кейін ғана бала кездегі арманына бір та­бан жақындап, сол жылдардағы елі­­мізде ар­хеолог мамандығын даярлай­­тын жалғыз оқу орны – қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.Киров атындағы қазақ мем­ле­кеттік университеті) тарих фа­­куль­тетіне құжаттарын тап­сыра­ды. Жолы болып, студент ата­нады. Бұл 1970 жыл болатын. Ал сол кезде Ма­дияр Елеуұлы 24 жас­ты артқа қал­ды­рып, 25-ке аяқ бас­қан еді. Білімге сусындап келген әрі бо­лашақ мамандығын нақ­ты айқындап үлгерген студент М.Елеуов бірден қатарлас­тары­ның алды бола­ды. Оның бақы­ты­на қарай 1971 жы­лы ҚазМУ-дың тарих факуль­те­тінде археология мен этнология ма­ман­дығын даяр­лай­тын арнайы ка­федра құрыла­ды да, оны Қазақ­стан­дағы алғаш­қы кәсіби археолог, тарих ғы­лым­дарының кандидаты Ә.Ораз­баев басқарады. Кафедрада сол жыл­дары дәріс оқуға елімізге белгілі ар­хеологтар мен этнологтар, ака­­­демик Ә.Марғұлан, тас дәуірі­нің жетекші мама­ны Х.Алпыс­баев, «Алтын адам­ды» зерттеуші К.Ақы­шев, профессор У.Шале­ке­нов, профессор Х.Арғын­баев, ант­рополог О.Исмағұлов, про­фес­сор­лар М.Черников, М.Грязнов, Ю.Заднепровский сияқты ірі ма­ман­дар дәріс оқиды. Студент М.Елеуов алғашқылардың бірі бо­лып архе­о­логия мамандығына өті­ніш білдіреді. Археология мамандығында оқи­тын студенттер ауди­то­рия­лар­да дәріс тыңдап қана қоймай, жаз айларында ғылыми экспеди­ция­­лар құрамында қазба жұмыс­тарымен ай­налысады. Бұл олар­дың нағыз кә­сіби археолог болуы­­на, болашақ ма­ман­дығы­ның қиыншылықтарына төзе білуге үйретеді. Студент М.Елеуов бес жыл бойы бірде-бір экспе­ди­циядан тыс қалмай, болашақ ма­мандығының қыр-сырына терең үңіле түседі. Мәкеңнің өзі бір әң­гі­ме­сінде 1973-1974 жылдары универси­тет археологтарының экспедициясы құра­мында Қожа Ахмет Ясауи ке­се­несін зерттеуге қатысып, кесене жа­нындағы Есім хан мавзолейіне ар­хеологиялық қазба жұмыстарын жүр­гізгенін, сонда ол экспедиция же­текші­сінің Есім ханның қабірін қазуды өзіне сеніп тапсырғанын және ол тапсырманы ұстазының айт­қанындай орындап шыққанын айт­қаны бар. Өзіміз мұрындық бола жүре, университет газетінің жур­на­листерімен хабарласып, Мәкең жө­нінде сұхбат алып, жа­рия­лауды ұйым­дастырып едік. Соның нәти­же­сінде осыдан 6-7 жыл бұрын про­фес­сор М.Елеуұлы жөнінде әл-Фараби атын­дағы Қаз­ҰУ-дың «Қазақ Уни­вер­ситеті» га­зетінде «Есім ханның мав­зо­лейін тұңғыш зерттеген ғалым» ат­­ты сұхбат-мақала жарық көрді. 1975 жылы М.Елеуов универ­си­тет­ті үздік бітіріп, жолдамамен Қы­зылорда облысына жіберіледі де, қаладағы облыстық тарихи-өл­ке­тану музейінде аға ғылыми қыз­мет­кер болып жұмыс атқара­ды. Сөйтіп бала кездегі арман-қиял­ға қол жет­кізгендей болады. Бірақ оның көңілі тол­май, туған ауы­лындағы төбелер мен төбе­шік­терді қазып, олардың құпия­сын зерттейтін мамандық – на­ғыз археолог болуға бүйрегі бұра бере­ді. Ақыры, 1976 жылы уни­вер­си­теттегі ұстазы, профессор У.Шале­кенов­тің шақыруымен өзі бітірген ка­федрасына лаборант болып жұ­мыс­қа орналасады. 1976-1999 жылдар аралы­ғын­да ар­хеолог М.Елеуов Қазақ ұлт­тық уни­верситетінің тарих фа­куль­те­тіндегі «Археология және этнология» ка­федрасында қара­пайым лабо­рант­тан танымал про­фессорға дейінгі қыз­меттік са­тылардан асықпай, қа­да­мын нық басып өтеді. 1991 жылы ар­хеология мамандығы бойынша «VI-XIII ғғ. Шу өңіріндегі ортаға­сыр­­лық қалалар мен елді ме­кен­дер­дің мәдениеті» атты тақы­рып­та канди­дат­тық диссертация қор­ғап, тарих ғылымдарының кан­дидаты ғылыми дәрежесін алады. Одан кейінгі жыл­дары зерт­теу тақырыбының аума­ғы­на Талас өзенінің алқабында ор­на­лас­­қан ортағасырлық қалаларды ен­­гі­зеді. Мәкең өткен ғасырдың 90-жылдарындағы қиыншылық­тарға қарамастан Шу-Талас өңір­леріндегі қа­лалар мен мекендерді архео­ло­гиялық тұрғыда зерттеу жұмыстарын жалғастыра береді. Туындаған әртүрлі қиындықтар оған бөгет бола алмайды. Өйт­ке­ні, қазақ даласының төбелері мен төбешіктерінің астында қандай тылсым құпиялардың жат­қанын білу бала кездегі арманы бо­латын. Ғылыми ізденістердің нә­ти­же­сінде 1999 жылы «Шу-Талас өңір­­лерінің ортағасырлық қалалары мен ме­кендері (VI-XIII ғғ.)» атты та­қы­рып­та докторлық диссерта­ция­сын сәт­ті қорғап, көп ұзамай профессор атағын иеленеді. Одан кейінгі жылдары про­фес­сор М.Елеуұлы Л.Гуми­лев атындағы Евразия ұлттық уни­вер­ситетінде, Қожа Ахмет Ясауи атын­да­ғы Халықаралық қа­зақ-түрік уни­верситетінде ар­хеология бойын­ша дәріс оқып, жас кадрлар даярлау ісін­де бел­се­не еңбек етті. Аталған уни­верси­тет­терде археология ғы­лымының қа­лыптасуы мен дамуына өзін­дік үлесін бір адамдай қосады. Қазір өзі қанаттанып ұшқан әл-Фа­ра­би атындағы ұлттық уни­вер­си­тет­те ғы­лыми-педагогикалық жұмысын жал­ғастырып жатыр. Мадияр Елеуұлы бірнеше айға созылған археоло­гия­лық экспедициялар бары­сында тек қазба жұмыстары мен ар­хеологиялық барлаулармен ға­на емес, жергілікті жерлердегі кө­некөз қариялар мен шежіре­шілер­ден сол өңірдің тарихы мен этнографиясына қатысты ма­териалдарды да жинастырып жүреді екен. Солардың бір топ­тамасын «Шу өңірі: аңыз бен тарих» деген атаумен 1996 жылы университеттің тарих се­рия­сымен шығатын «Хабар­шы­сына» жариялады. Осы топ­та­мадағы он шақты тарихи аңыздардың екеуі Керей мен Жәнібек хандарға қа­тыс­ты болғандықтан, біз ол материал­дар­ды өз зерттеулері­мізде кеңірек пай­даландық. Соның нәтижесінде Қа­зақ хандығының құрылу тари­хына қа­тысты кейбір беймәлім тұс­тар анық­тала түскендей болды. Қазір университетіміздің тарих факуль­тетіндегі «ғылыми тарих» маман­ды­ғы бойынша оқитын студент­тер М.Елеуұлының бұл мате­риал­дарын Ш.Құдайбердіұлының «Қобыланды батырдың Ақжол биді өлтіруі» атты материал­дары­мен бірге Қазақ хан­ды­ғының құрылу тарихы бойынша өзіндік жұ­мыстарын орындайды.

Берекет КӘРІБАЕВ, ҰҒА академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы