Аягөз әкімі пара алғаны үшін 4,5 жылға сотталды
Аягөз әкімі пара алғаны үшін 4,5 жылға сотталды
ШҚО-да Аягөз әкімі Қуаныш Азыхановқа қатысты сот аяқталды. Оған пара алды деген айып тағылып, 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды.
Аягөз аудандық сотының мәліметінше, 2020 жылдың 16-17 қыркүйегінде қала басшысы «Көркем» ЖК мердігер ұйымынан орындалған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алған. Мердігер табиғи апат салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысады.
Айта кетейік, тергеу 9 айға созылды. Осы уақыт ішінде іс бойынша үш судья ауысқан. Сондай-ақ, деректерді бұрмалағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жауапқа тартылған.
Прокурор сот төрағасынан бұрынғы басшыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот барлық жағдай негізінде айыпталушыны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 5 ай мерзімге бас бостандынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.