Аягөз әкімі пара алғаны үшін 4,5 жылға сотталды

ШҚО-да Аягөз әкімі Қуаныш Азыхановқа қатысты сот аяқталды. Оған пара алды деген айып тағылып, 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды.

Аягөз аудандық сотының мәліметінше, 2020 жылдың 16-17 қыркүйегінде қала басшысы «Көркем» ЖК мердігер ұйымынан орындалған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алған. Мердігер табиғи апат салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысады.

Аягөз әкімі пара алғаны үшін 4,5 жылға сотталды

Қала басшысы қызметтік кабинетінде ұсталған болатын. Алайда ол бұл ақшаны қарызға алғанын айтып, кінәсін мойындамаған.

«Сотталушының кінәсін куәгерлердің айғақтары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесі, әңгіме стенограммалары мен бейнежазбалар және заттай айғақтар растады. Куәгер сотталушы ақшаны қарызға алды дегенді теріске шығарды. Ол орындалған жұмыс актілеріне қол қоюы үшін ақша бергенін растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ. Қабылданған антты бұзған адамның қылмыс жасауы ауырлатушы ретінде қосылды», – деді сот өкілдері.

Аягөз әкімі пара алғаны үшін 4,5 жылға сотталды

Айта кетейік, тергеу 9 айға созылды. Осы уақыт ішінде іс бойынша үш судья ауысқан. Сондай-ақ, деректерді бұрмалағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жауапқа тартылған.

Прокурор сот төрағасынан бұрынғы басшыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот барлық жағдай негізінде айыпталушыны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 5 ай мерзімге бас бостандынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button