Алакөлге бару үшін ПТР тест талап етілмейді

Алакөлге бару үшін ПТР тест талап етілмейді

Алакөлге бару үшін ПТР тест талап етілмейді
ашық дереккөзі
Алакөлдің Алматы облысындағы жағалауында туристерден ПТР тест талап етілмейді. Бұл жөнінде өңір басшысы Амандық Баталов айтты. «Былтыр өте маңызды шешім қабылдадық. Туристерден коронавирусқа байланысты ПТР тест талап еткен жоқпыз. Өзім айта аламын, Алакөлдің қасиетті суы адамдардың денсаулығына өте пайдалы. Биыл да демалушылардан індетке байланысты тест талап етілмейді. Демалыс орындары «Ashyk« жобасы бойынша жұмыс істейді. Ол өте ыңғайлы», – деді Амандық Баталов. Сондай-ақ ол биыл Талдықорған-Үшарал жолының құрылысы аяқталатынын жеткізді. Жалпы жоба бойынша Талдықорған-Үшарал жолы 2022 жылдың күзінде аяқталуға тиіс. Жоспарға сәйкес 23 көпір салынады. Жолды Қытайдың «CITIC Contraction» компаниясы жасап жатыр, мердігерлер ауыспаған.