Түркістан облысында жоғалып кеткен туристерді іздеуге тікұшақ шықты

Түркістан облысында жоғалып кеткен туристерді іздеуге тікұшақ шықты

Түркістан облысында жоғалып кеткен туристерді іздеуге тікұшақ шықты
ашық дереккөзі
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ерік Сарыбаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта Түркістан облысының Төле би ауданыдағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іздеу жұмысы жүріп жатыр. «21 мамыр күні сағат 08-00 шамасында құрамында 7 адам бар бір топ тауға туристік жорыққа шыққан. Олардың 5 асуға бармақ болғаны туралы ақпарат бар. Үш күннен бері жүріп жатқан іздеу жұмысы нәтиже бермей отыр», – деді ол. Оның атап өтуінше, іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық парктің және шекара қызметінің қызметкерлері, жалпы 50 адам жұмылдырылған. Кеше олар тау асуларында 37 шақырымнан астам жерді жаяу жүру арқылы шолып шықты. Сонымен қатар квадрокоптерлердің көмегімен радиусы 4 шақырымнан асатын аумақ зерттелді. «Осы уақытқа дейін табиғаттың қолайсыз болуына, яғни, таулы аудандарда қар, жаңбыр жаууына байланысты тікұшақ арқылы іздеу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының әуежайында тұрған Еврокоптер тікұшағы әуеге көтеріліп, іздеу жұмысын жүргізуде. Қосымша тағы тікұшақтарды жұмылдыру мәселесі шешіліп жатыр», – деді Ерік Сарыбаев.