Неміс ғалымдары AstraZeneca вакцинасын алғаннан кейін неліктен қан ұйитынын анықтады

Неміс ғалымдары AstraZeneca вакцинасын алғаннан кейін неліктен қан ұйитынын анықтады

Неміс ғалымдары AstraZeneca вакцинасын алғаннан кейін неліктен қан ұйитынын анықтады
ашық дереккөзі
Гете университетінің зерттеушілер тобы вакцинаның қауіпті салдарының алдын алу үшін вакцинаны қалай өзгерту керегін білетіндерін мәлімдеді. Франкфурттағы Гете университетінің ғалымдары AstraZeneca және Johnson & Johnson вакциналарын салдырған кейбір адамдарда қан ұю белгілері неліктен байқалып жатқанын анықтады және оның алдын алу вакцинаны қалайша жақсартуға болатынын айтты, деп хабарлайды Financical Times. Профессор Рольф Маршалектің айтуынша, тромбтардың пайда болуына аденовирустық векторлар әсер етеді, олар AstraZeneca және Johnson & Johnson препараттарында Sars-Cov-2 вирусының протеинін адам ағзасына жеткізу үшін қолданылады. Маршалек өзінің зерттеулері аденовирустық вакцинаның векторларына бағытталғанын айтты.
«Вирус әдетте ақуыз жасайтын жасуша ішіндегі цитозолды сұйықтыққа емес, протеинді жасуша ядросына жібереді». Оның теориясы бойынша: протеин ядроға ене салысымен, оның кейбір бөліктері бөлініп, мутацияға ұшырайды. Гепотетикалық тұрғыдан бұл мутациялар «жасушаларды денеге бөліп шығарады», сонда олар қанды ұйытуы мүмкін.
Неміс ғалымы «вакцина жасушалар протеиннің бұзылуын болдырмас үшін оның реттілігін өзгерте алады»,- дейді. Оның айтуынша, Johnson & Johnson компаниясы кеңес алу үшін өзінің зертханасымен байланысқан. Алайда, басқа ғалымдар бұл зерттеудің нәтижелерін және тексерілген ақпаратты күтуге шақырады.
«Бұл гипотеза әлі де эксперементтік мәліметтермен расталуы керек»,- дейді Германиядағы Бонн университетінің профессоры Йоханнес Олденбург.

Яна РАХМАНОВА