Коронавирус: маска режимі қашан аяқталады – Бекшин жауап берді

Коронавирус: маска режимі қашан аяқталады – Бекшин жауап берді

Коронавирус: маска режимі қашан аяқталады – Бекшин жауап берді
ашық дереккөзі
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте қандай жағдайда маска режимінің күшін жоюға болатынын айтты. «Қалада эпидемиологиялық ахуал толығымен тұрақтанып, вакцинацияның 70-75% деңгейіне жеткенде маска режимі жойылады», – деді Жандарбек Бекшин. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантиндік шектеулердің енгізілгені оң әсер еткен. 20 пайыздық иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8 пайызы вакциналанған және 5 пайызы соңғы жарты жылда ауырып-жазылғандар. Сонымен қатар, ол қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы екпе салдыру екенін айтып, вакциналануға шақырды.