Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
  • 1993 жылғы 2 маусымда Қазақ­стан Рес­­публикасы Жоғарғы Кеңе­сінің «Қа­зақ­стан Республикасы Конс­­­­­ти­ту­ция­сы­ның жобасы туралы» қаулысы қа­был­данды.
  • 1994 жылғы 1 маусымда жазу­шы Оралхан Бөкеев тұрған Ал­­­матының Жамбыл көшесінде ме­­­мориалды тақта орнатылды.
  • 1997 жылғы 1 маусымда Францияда жазу­­шы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы­на арналған Қазақстан күндері өтті.
  • 1999 жылғы 2 маусымда Астанадағы кө­­ше­лер­дің біріне Алаш қайраткері, ғалым, дра­­матург, жазу­шы, журналист Қошке Ке­мең­герұлының (1896-1937) есімі берілді.
  • 2002 жылғы 31 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құр­бандарына ар­налған ескерткішті ашты. Ескерткіш XX ға­сыр­дың 30-жылдарында тұтқын­дарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді мекенінде орна­тыл­ған.
  • 2003 жылғы 30 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қала­сын­да қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев­тың ескерткішін аш­ты. Бұл ескерткіш – Қа­зақ­стан халқының Пе­тербургтің 300 жыл­дығына жа­саған сыйы.
  • 2006 жылғы 30 мамырда Астанада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұры­сов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
  • 2007 жылғы 31 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Алжир» мемориалдық мұражай кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.
  • 2011 жылғы 27 мамырда Алматыда ҚР Ұлт­тық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының аудиокіта­бының тұ­­­саукесер рәсімі өтті.
  • 2012 жылғы 29 мамырда Қазақстан айтыс пен киіз үй және оның жабдықтарын дайын­­дау өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұра­сы­ның тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс жасады.