Тәуелсіздік күнтізбесі
Тәуелсіздік күнтізбесі
1993 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы» қаулысы қабылданды.
1994 жылғы 1 маусымда жазушы Оралхан Бөкеев тұрған Алматының Жамбыл көшесінде мемориалды тақта орнатылды.
1997 жылғы 1 маусымда Францияда жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына арналған Қазақстан күндері өтті.
1999 жылғы 2 маусымда Астанадағы көшелердің біріне Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қошке Кемеңгерұлының (1896-1937) есімі берілді.
2002 жылғы 31 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты. Ескерткіш XX ғасырдың 30-жылдарында тұтқындарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді мекенінде орнатылған.
2003 жылғы 30 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты. Бұл ескерткіш – Қазақстан халқының Петербургтің 300 жылдығына жасаған сыйы.
2006 жылғы 30 мамырда Астанада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
2007 жылғы 31 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Алжир» мемориалдық мұражай кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.
2011 жылғы 27 мамырда Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының аудиокітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
2012 жылғы 29 мамырда Қазақстан айтыс пен киіз үй және оның жабдықтарын дайындау өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс жасады.