Тұрғынбай МҰРАТҰЛЫ: Шипагерлік – жеті атамнан жалғасқан кәсіп

Тұрғынбай МҰРАТҰЛЫ: Шипагерлік – жеті атамнан жалғасқан кәсіп

Тұрғынбай МҰРАТҰЛЫ: Шипагерлік – жеті атамнан жалғасқан кәсіп
ашық дереккөзі
Бүгінде тап басып тамыр ұстайтын, шығып кеткен буынды салып, сынық таңатын қазақтың дәстүрлі медицинасын сақтап қалған адамдар өте сирек кездеседі. Көнеден таған тартқан көптеген мұрамыз Кеңес заманында ескінің сарқыншағы деген желеумен ортадан шығарылды. Сөйтіп, біршама құндылық­тарымыздан қол үзіп қалдық. Қазір мұндай Шығыс медицина өнерін ұстанып жүр­ген шипалы емшілер бірен-саран. Елімізде дені сау ұлттың болашағын қалып­тастыру жо­лында еңбек сіңіріп жүрген білікті мамандардың бірі – шипагер Тұр­ғын­бай Мұратұлы. Ол 2009 жылы Қытай елінен атажұртқа қоныс аударған. Қазір Алматы қа­ла­сында тұрады. Жеті атасынан тамыршылық үзілмеген білікті дәрігер қан­да­сымызбен хабарласып, қазақтың дәстүрлі медицинасы жайлы әңгіме өрбіткен едік. – Әуелі атажұртқа қалай келдіңіз, әңгімені осыдан бастасақ? – Өзге елді қайдам, Қытай елінде тұрып жат­қан қазақтардың материалдық тұрмысы жақсы. Тек соңғы жылдары әртүрлі саяси жағдайларға байланысты аздап абдырап қал­ғаны белгілі. Десе де қазір заман тынышталып, қо­ғамдық өмір өз қалпына келе бастаған сияқ­ты. Бірақ арғы беттегі ағайынды алтынға орап қойса да, «бөрінің бөлтірігі тауға қарап ұли­дының» кебін киеді. Көбінің аңсағаны атажұрт болып отыр. Мен де сол арман арқа­лап келген азаматтың бірімін. Біз Қазақстанға қоныс аударған тұста ол жақта заман тыныш, дүние кең еді. Бірақ мен оған қарайлағам жоқ. Менде тек тезірек елге жетсем деген арман болды. Сол арман мені жетелеп жер жән­наты Жетісуға әкелді. Біз сияқты ата­ме­кенді аңсап жүрген азаматтар көп. Алайда арманы болғанымен, дәрмені болмай, жете алмай отырғаны қаншама?! – Медицина – ғылым. Ал сіздің ше­жіреңіз­ге қарап отырсақ, медицина ата­дан балаға жалғасқан кәсіп екен. – Иә, мен 2006 жылдан бастап әкемнің қа­­­сына еріп, яғни, шәкірт бола жүріп, қа­зақ­тың дәстүрлі медицинасын жіті үйрендім. Оған дейін Қытайдың Шыңжаң өлкесінің ор­талығы Үрімжі қаласындағы Шыңжаң Ме­дицина университетінде 2000 жылдан 2006 жылға дейін жалпы медицина мамандығы бойынша білім алдым. Оқу ордасын бакалавр дәрежесінде тәмамдаған соң, туған ауылым Шынжаң өлкесі Санжы облысы Жемсары ауданы Жаңажер ауылына қайтып барып, Жаңажер ауылындағы ауруханада дәрігерлік қызметімді бастадым. Жеті атамнан жал­ғас­қан дәстүрлі қазақ медицинасының құпиясы бар еді. Сол үшін, оқу бітірген бойда Жаңажер­ге жетіп, Шығыс медицина өнерін терең игеруге асықтым.  width= – «Жеті атамнан жалғасып келген дәс­түрлі қазақ медицинасының құпия­сы» дедіңіз, осыны тарқатып айта кет­сеңіз? – Мен жоғарыда айтқанымдай 2006 жыл­дан бастап өз әкем Мұрат Жүнісұлына шәкірт бо­лып, ол кісіден қазақ медицинасының қыр-сырын меңгердім. Әкем өз әкесі Жүніс Смағұлға шәкірт болған. Ал атам 1987 жылы жарық көрген «Қазақ дәрігерлігі мен емшілігі» деген кітабында әкесі Смағұл Салықшыұлын ұстаз тұтқанын айтады. Қысқасы, Жемсары­дағы аурухана әкемнің әкесі – Жүніс Сма­ғұлұ­лы құрған Шыңжаң көлеміндегі тұңғыш қазақ дәстүрлі медицина негізі болатын. Сол жерде Шығыс медицинасына қатысты біраз нәрселерді үйрендім. Қазақы емдеу тәсілінің тарихы терең, тә­жірибесі мол. Миллиард Қытай мойындаған қазақ емі – атадан балаға жалғасып келе жат­қан өнер. Шетпе үзу, ілме, бұлау, қан алу, сы­нық таңу, тамыр ұстау қатарлы емдеу түр­лері бар. Бұл халқымыздың дәстүрлі асыл мұрасы, XV ғасырларда өткен Өтейбойдақ бабамыздың әйгілі «Шипагерлік баян» деген еңбегінен бастау алады. Тамыр ұстау – ауруға диагноз қоюдың, денсаулыққа сараптама жа­саудың күрделі тәсілі. Көп жылдық тәжі­ри­бені және зеректікті қажет етеді. Сол себеп­ті оны адамдардың бәрі үйреніп кетуі мүмкін емес. Көбінесе білек тамырын дәрігер екі қолының саусағының ұшымен басып, тамыр райының өзгерісін парықтайды. Бұған екі қолдың алты саусағы қатысады. Жүрекке жалғасқан күре тамырлардың со­ғысы ең негізгі хабар беруші болып саналады. Сол арқылы жүрек соғысын, жүрекке бара­тын оттегінің әсерін, қан жеткізу қызметінің мүмкіндігін білуге болады. Қазірге дейін аталарымыз тамыр райы өзгерісінің 62 түріне дейін меңгере алған. Тамыр ұстау өте күрделі, әрі өте жауапты іс. Тамырдан айыру бірінші мәселе, ал оны емдеу одан да күрделі про­цесс. Мәселен, негізгі тамырдың тоғыз түрі бар: «қалқыма тамыр, шөкпе тамыр, баяу тамыр, қарқынды тамыр, керме тамыр, сырғақ тамыр, тебінді тамыр, әлсіз тамыр, өрекпіме тамыр» деген. Қазақ медицинасында осы тамырлардың соғу жағдайына қарап, нау­қастың дертін айырамыз. Сөйлесу арқы­лы, яғни сұрап білеміз, тіліне, бет әлпетіне қарап та науқасын анықтаймыз. Осы үшеуі ұш­тасқанда диагноз аса қате шықпайды. Емдеу барысында науқастарға заманауи медициналық көмектен тыс, аталарымыздан жалғасқан рецепті пайдаланып ем жасаймыз. Қазірге дейін бізден емделген науқастардан «емің дұрыс болмады...» дегені жоқ. Көбі разы болып, жазылып кетіп жатады. – Атаңыз Жүніс Смағұлұлы туралы WeChat-тан бір жазбаны оқыдым. Онда сіз­дің атаңызға сол кездегі Қытай төра­ғасы Мау Зыдұңның бірінші орынбасары болған Жу Ынлай келіп тамырын ұста­тып, емделгені туралы айтылады. Бұл рас па? – Кей нәрсе көңілімізден шықса, тым асы­ра мақтап жіберетін халықпыз ғой. Ол жаз­баны мен де оқыдым. Атамыздың абы­ройын асырғысы келді ме, әлде желідегі оқыр­манын таңғалдырғысы келді ме кім біл­сін. Әйтеуір, асырып айтыпты. Сонау Бей­жіңде тұрған Қытай басшысының Шың­жаң­ның бір шалғай ауылына келіп емделіп жүр­генін елестетіп көріңізші, еш санаға сый­майды ғой. Алайда атамның Жу Ынлай­дың тамырын ұстағаны рас. Бірақ, дәл сол жазбадағыдай емес. «Арадағы сөздің аттамасы көп» дейді ғой бұрынғылар. Атам Жүніс Сма­ғұлұлының тамыршылығы мен емшілігі тура­лы атағы Алтай бетіне, асыра айтқанда Шың­жаң көлеміне кең тараған екен. Ол – Қы­тайдың «мәдениет зор төңкерісі» деп ата­латын саяси науқаны қызып тұрған қиын кез болса керек.  width= Атамның атағын біреуден біреу естіп, жал­пақ жұртқа жайылып жатыпты. 1976 жылы Алтай бетінен Шыңжаңға Өлке бас­шыларының бірі болып келген Жанәбіл Сма­ғұлұлы атама адам жіберіп: «жылдам Үрім­жіге жетсін. Арнайы ұшақпен Қытай астанасы Бейжің қаласына ұшамыз. Онда бір нау­қас кісі бар, соның тамырын ұстап көруіңіз керек» депті. Басшының айтқаны бұй­рық. Атам үнсіз келісіпті де, басшы Жанә­білдың жетекшілігімен Бейжіңге барыпты. Оңаша бөлме болса да әлгі науқас пен атам­ның ортасына перде тартып, тек науқас­тың қолын ғана перде сыртына шығарыпты. Науқас әбден арыған, кәртең адамның қолы екен. Басында кім екенін білмеген. «Қытай көсемдерінің бірі шығар, осынша әспетте­геніне қарағанда» деп ойлайды. Перде сыртына шығарған қолынан тамырын ұстайды да, «ары кетсе бір апта ғана ғұмыры қалған адам екен. Кеш қалдыңыздар» дейді. Содан кейін әкемді көп отырғызбай, ала жөнелді. «Шынымды айтсам, қатты қорық­тым. Бір пәлеге ұрындым ба?» деп алаңдайды. Қайтып келе жатқанда Жәкеңнен сұрағанда ғана оның Жу Ынлай екенін білген. Оның диагнозы дәл шығып, содан кейін бір аптаға өтпей «Жу Ынлай өлді» деген хабар дүп ете түсті» дейді атам. Жу Ынлайдың тамырын ұстағаны рас, бірақ емдемеген. «Жақсы әкенің әруағы қырық жыл сүй­рейді» демекші, біздің бүгінгі өнеріміз, өмірі­міз сол кісіге тіке қатысты. Сол кісінің әруағы же­беп жүр десек те болады. Атамыз Бейжің­нен келген соң біраз уақытқа дейін қорқып, қо­балжып жүріпті. Ол тұста Қытайда сәл қа­те­лескен адамды тек жаза күтіп тұратын кез ғой. Алайда, атамның айқаны дәл кел­гені­нің арқасында Қытай билігі қазақ меди­цина­сына қызығушылықпен қарай бастады. Сөй­тіп, көп ұзамай Шыңжаң көлемінде тұң­ғыш рет Жемсарыда қазақ ауруханасы құры­лып, мемлекет тарапынан үлкен қолдау көр­сетіледі. Ал атамның адам қабылдауына то­лық жағдай жасап берген екен. Қазір ол Шың­жаң көлемінде ең беделді ауруханаға ай­налды. – Сіз дәстүрлі медицинаны білесіз, за­манауи медицинаны оқыдыңыз. Осы екеуі­нің арасынан қандай айырма­шы­лық байқадыңыз? – Дәстүрлі медицина дегеніміз – көненің кө­зі, шарасыздықтың амалы ретінде қарас­тырған жөн. Алайда оның мыңдаған жылдық тәжірибесі бар. Бір айта кетері, қазақы меди­цинада тамырдан айыру өте адам таңға­лар­лық жайт. Заманауи медицина апталап ап­паратқа салып анықтаған ауруды мықты дәс­түрлі медицина маманы бес-ақ минутта та­мыр ұстап айтып бере алады. Бірақ ғылым­ның аты – ғылым. Екеуін салыстыруға бол­май­ды. Екеуінің де әртүрлі ерекшеліктері бар. Ең жақсысы – екеуін бірдей меңгеру. – Қазір Қазақстанда қазақы емдеу ор­талықтарыңыз бар ма? – Иә, бар. Мен Атамекенге алғаш ат басын бұр­ғанда Алматы іргесіндегі Қаскелең қала­сына қоныстанған едім. Келген бойда «Жүніс Смағұлұлы» атындағы Шығыс медицина орталығын ашқан едік. Қазір қызметкерлер саны да артып, ауруханамыз жыл сайын да­мып келеді. Қаскелең қаласында орналасқан екі қабатты ауруханамыз жұма және сенбіден өзге күндердің барлығында да науқастарға қыз­мет етіп келеді. Ал қалған күндері нау­қас­тарға есігіміз ашық.