Жаңалықтар

Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент Сенатына Лариса Аркадьевна Шепелеваны Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату туралы өтініш түсті.

«ҚР Жоғарғы сотының судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы сотының судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз», – деді ҚР Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Back to top button