Ауа райы: кей аймақтарда аптап ыстық болады
Ауа райы: кей аймақтарда аптап ыстық болады
27 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болуы және кей өңірде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз дауыл болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болады, күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.