Ақпарат және қоғамдық даму министрі халыққа есеп берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі халыққа есеп берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі халыққа есеп берді
ашық дереккөзі
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның онлайн форматта халыққа есеп беру кездесуі өтті, деп хабарлайды аталған министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Аида Балаева жүзеге асырылған жобалары, бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен Министрліктің негізгі міндеттері туралы айтып берді.
Министр өз баяндамасында өткен жыл Министрлік үшін ақпараттық-идеологиялық жұмыс саласындағы сабақтастықта жалғасу ғана емес, сонымен қатар жаңа бастамаларды іске асырудың бастауы болғанын атап өтті. Ол Министрліктің ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы, этносаралық және диаспоралық саясат, сондай-ақ дін саласында атқарған жұмыстары жайлы баяндады.
Кездесу барысында Министрліктің құзырындағы салалар бойынша халықты толғандыратын өзекті сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Кездесудің тікелей эфирі ҚР АҚДМ Facebook және Youtube әлеуметтік желілерінде көрсетілді.
Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті.