Жаңалықтар

Ғабиден Мұстафиннің қызы коронавирустан көз жұмды

ашық дереккөзі

Ғабиден Мұстафиннің қызы коронавирустан көз жұмды

Аудармашы Майя Мұстафина 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы және Сәкен Сейфуллиннің келіні еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Майя Мұстафина 1941 жылы 2 мамырда дүниеге келген. Ол Сәкен Сейфуллиннің туған інісі - Мәжит Сейфуллиннің ұлының (Амангелді Сейфуллин) жары. 30 жыл бойы Алматы қаласындағы қазіргі ҚазХҚ және ӘТУ шет тілдер кафедрасында сабақ берген. 1980 жылдың соңында ҚазКСР музейінде (қазіргі Орталық мемлекеттік музей) жұмыс істеді. 1990 жылдың басынан ортасына дейін БУИГ француз фирмасында аудармашы болған. «Ол республикадағы француз тілі саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Өте көп жұмыс істегеніне қарамастан, отбасына жеткілікті уақыт бөлетін. Жануарларды қатты жақсы көретін еді. Белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданды. Көпшіл еді», - деді марқұмның қызы Тоғжан Сейфуллина.