Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша шықты
Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша шықты
Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қосымша TezText деп аталады, оны жасап шығарған - Galamat tech компаниясы, қолдау көрсеткен - АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі. Мобильді қосымша тегін және App Store мен "Play Маркет" арқылы жүктеп алуға болады.
Қосымшаны құрастырушы компания басшысының айтуынша, TezText журналистер жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
TezText қосымшасының шығуына қолдау көрсеткен АҚШ елшілігі өкілдерінің айтуынша, бұл қосымша қазақ тілінің дамуына зор үлес қосады.
"АҚШ елшілігі қазақ тілін дамыту жолындағы жобаларға орасан зор мән беріп, үнемі қолдау көрсетеді. Бұл жоба да қазақ тілі мен оның дамуы үшін аса маңызды болмақ. Цифрланған тіл - мәңгі тіл", - деді елшіліктің өкілі Қарлығаш Жаманқұлова.
Қосымша авторларының айтуынша, жоба қазақстандық бірқатар органға ұсынылған, ал АҚШ елшілігі бірінші болып қолдау көрсеткен. Қосымша тек журналистерге арналмаған, оны қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдыруды қажет ететін кез келген адам қолдана алады.
Еске салайық, биыл ақпанда Google Translate сервисінің енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алатыны хабарланды. 2014 жылы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылған.