Балалары сөзге келіп қалған: Оралда жаппай төбелескен көрші әйелдер сұралуда

Балалары сөзге келіп қалған: Оралда жаппай төбелескен көрші әйелдер сұралуда

Балалары сөзге келіп қалған: Оралда жаппай төбелескен көрші әйелдер сұралуда
ашық дереккөзі
Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен. Әйелдердің жанжалы бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметінше, 25 мамыр күні сағат 22.00-де 102 телефонына көпқабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал туындап жатқаны жөнінде хабар түскен. «Патрульдік жасақ оқиға орнына келгеннен кейін жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері тыйылды. Алдын ала мәлімет бойынша бірнеше адамның дене жарақатын алғаны белгілі болды. Алдымен балалар өзара сөзге келген. Содан кейін ата-аналар кірісіп, ұрыс-керіс жұдырық жұмсауға ұласқан. Жанжалға қатысушылар мен куәгерлер сұралуда. Толық ақпарат кейін берілетін болады», – деп хабарлады ведомстводан.