Мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері артады – министр

Мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері артады – министр

Мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері артады – министр
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделетінін айтты. «Бала денсаулығының бұзылу дәрежесін және тыныс-тіршілік әрекетінің шектелуін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара балалар ауруының дәрежесіне қарай оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады», – деді министр.