Хоккайдо жағалауында Жапония мен Ресей кемелері соқтығысып, үш адам қаза тапты

Хоккайдо жағалауында Жапония мен Ресей кемелері соқтығысып, үш адам қаза тапты

Хоккайдо жағалауында Жапония мен Ресей кемелері соқтығысып, үш адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Момбецу қаласы балық аулау қауымдастығының кемесі Хоккайдо аралының жағалауында ресейлік кемемен соқтығысты. ҚазАқпараттың Kyodo агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, оқыс оқиға салдарынан жапондық кеме аударылып, үш балықшы қаза тапты. NHK телеарнасының мәліметінше, соқтығысқаннан кейін барлық бес жапондық балықшы ресейлік «Амур» кемесінің бортына жеткізілді. «Амурдың» су сыйымдылығы 662 тоннаны құрайды. Жапондық кеменің су сыйымдылығы болса – 9,7 тонна. Оқиға Охот теңізінде, Хоккайдо аралының жағалауынан 23 шақырым жерде орын алған.