Тізім артты: зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын енді кімдер ала алады?

26 мамыр, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Тізім артты: зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын енді кімдер ала алады? Елімізде 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді. «Осы жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарнасы есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы да негіз бола алады. Осылайша, салымшыға (алушыға) қордың кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады», – делінген қор таратқан ақпаратта. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабы 1-тармағына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында: 1 мамырдан бастап күшіне енген осы жаңашылдыққа сәйкес, ЕЗЖ бойынша төлемдерді ерікті зейнетақы жүйесінде кемінде бес жыл жарнасы бар барлық адам ала алады. Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды мысалы, 20 немесе 30 жастан бастай отырып, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толған кезде салымшылар өздерінің алғашқы төлемдерін ала бастайды.