Алматыда жол бойында жанып жатқан автокөлік жарылды

Алматыда жол бойында жанып жатқан автокөлік жарылды

Алматыда жол бойында жанып жатқан автокөлік жарылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жолдың бойында тұрған автокөлік жанып кетті. Куәгерлер оның жарылған сәтін видеоға түсіріп алған. Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 25 мамырда сағат 17:20-да Алатау ауданында Райымбек даңғылы бойында, 550/12 үйдің жанында орын алған. «Жол апаты салдарынан 1992 жылы шыққан «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігі жанған. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі АЦ-5-40-қа сағат 17:30-да келді. 17:35-те өрт жойылды», – деп хабарлады Төтенше жағдай департаменті. Жеңіл автомобильдегі өрт тез таралып, оны 2-3 минут ішінде толығымен жойып жіберген. Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдай департаменті мамандандырылған ТЖО автокөліктерінің электр жабдықтарына қызмет көрсетуді, сақтандырғыштардың орнына «жучоктар» қолданбауды және әрқашан жарамды өрт сөндіргіштері алып жүруді ескертеді.