Жаңа қаулы: 27 мамырдан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек

Жаңа қаулы: 27 мамырдан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек

Жаңа қаулы: 27 мамырдан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 27 мамырдан бастап карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдетілмек. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 мамырдағы «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №5 қаулысына сәйкес, Тараз қаласын қоспағанда, облыс аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу «Жасыл» аймақ шарттары негізінде қабылданатын болады. Атап айтқанда, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл және балық, мал шаруашылығы нысандары, байланыс қызметтері, туристік компаниялар, бизнес орталықтары, гүл дүкендері, фотосалондар, узейлер, кітапханалар, азық-түлік дүкендері, шағын маркеттердің жұмысына толық рұқсат берілді. Сол секілді стрит-фуд, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, супермаркеттер, гипермаркеттер, медициналық ұйымдар, дәріханалардың да қызметіне рұқсат етілген. Ал, түнгі және ойын клубтары, караоке-барлардың жұмысына шектеу сақталады және ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Ескеретін жағдай, жаңа қаулыда ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық ара қатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19 ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 мен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Аталған қаулы 2021 жылғы 27 мамырда сағат 00:00-де күшіне енетін болады.