Өрт шығу қаупі бар: 9 өңірде қатты ыстық күтіледі – Қазгидромет

Өрт шығу қаупі бар: 9 өңірде қатты ыстық күтіледі – Қазгидромет

Өрт шығу қаупі бар: 9 өңірде қатты ыстық күтіледі – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазгидромет 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-шығыста, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түркістан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі, Қостанай облысында екпіні 23 м/с жетеді. Жамбыл, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.