Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында АҚШ командасынан жеңілді

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында АҚШ командасынан жеңілді

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында АҚШ командасынан жеңілді
ашық дереккөзі
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының үшінші кездесуінде АҚШ командасынан 3-0 есебімен жеңіліп қалды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер 2021 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастап, бірінші кездесуде Латвия құрамасын жеңген болатын. Ал екінші ойында олар қазіргі әлем чемпиондары – Финляндия командасын жеңіп, сенсация жасады. Жеребе бойынша В тобында ойнайтын қазақстандықтар топтық кезеңде Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасуы тиіс. Қазақстандық хоккейшілер 26 мамыр күні өтетін келесі кездесуде Германия құрамасына қарсы ойнайды. Кездесу елорда уақыты бойынша 19:15-те басталады.