Қазақстанның жоғары оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Қазақстанның жоғары оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесуінде Қазанда болған қайғылы оқиғадан кейін білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Министр университет басшыларына оқу орнына қажетті жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығын бейнекамералармен қамтамасыз ету, ЖОО-ға кіру режимін күшейту және төтенше жағдай кезінде тиісті іс-шаралар қолдануды үйрететін сабақтарды өткізуді тапсырды.
Сонымен қатар, кездесуде студенттер жатақханасындағы қауіпсіздікті күшейту мәселесі де көтерілді.
«Қазанда болған қайғылы оқиға бәрімізге мектептер мен колледждердегі қауіпсіздікті жақсарту керек екенін көрсетті. Бірақ мектептерден басқа осындай сұмдық жағдайлардың қайталануынан қорғауға тиіс университеттер бар. Студенттер және ұстаздар төтенше жағдайда өзін-өзі қалай ұстауы керек екенін білуі керек»,– деді министр Асхат Аймағамбетов.
Назым Өзенбаева
Еуразия Ұлттық Университетінің 3-курс студенті