Қостанайда 15 жастағы оқушы соңғы қоңыраудан кейін көз жұмды

Бүгін Қостанайда соңғы қоңырау салтанатынан кейін көлге шомылуға барған №29 мектептің оқушысы суға батып көз жұмды. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға Аэропорт шағын ауданы маңындағы Тарелочка көлінде болған.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, сүңгуірлер 15 жастағы оқушыны жағаға алып шыққан, ал оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала болжам бойынша, ол суға секірген кезде мойнын жарақаттап алған. Өкпесінде су аз болған. Мұндай қайғылы оқиға қайталанбас үшін жазғы демалыс кезінде барлық ата-ананың  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуын сұраймыз», – дейді басқарма өкілдері.

Back to top button