Өзбекстанға қараған екі ауыл Қазақстанға өтті

Өзбекстанға қараған екі ауыл Қазақстанға өтті

Өзбекстанға қараған екі ауыл Қазақстанға өтті
ашық дереккөзі
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен шекарадағы Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаулыға Премьер-Министр Асқар Мамин қол қойды. Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №326 қаулысына сәйкес Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылып, өңірдің аумағы 795,62 гектарға ұлғайды.
Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген қаулыда.