Асхат Аймағамбетов ауыл мектебіне барып, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Асхат Аймағамбетов ауыл мектебіне барып, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Асхат Аймағамбетов ауыл мектебіне барып, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысындағы Талапкер ауылына барып, мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Жалпы білім беретін мектепте 1862 оқушы оқиды, оның 75-і мектеп түлектері болса, 123-і 9-сыныпты тәмамдады, - деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. Асхат Аймағамбетов түлектерге ҰБТ тапсыру кезінде сәттілік тілеп, мұғалімдерге пандемия жағдайында атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге БҒМ басшысы кәсіби шыңдалу жолындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, түлектерге қиындықтардан бас тартпай, қателік жасаудан қорықпауға кеңес берді. Сонымен қатар министр талапкерлерді мұғалім мамандығын таңдауға шақырды. Осы ретте министрлік педагогтің мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.
"Алдағы уақытта сіздерді жаңа мүмкіндіктер мен жаңа өмір белестері күтіп тұр. Ешқашан қиындықтарға мойымаңыздар. Адам баласы өз күші мен арманына сенуі керек. Құласаң да, қайта тұрып, алға ұмтылуға тырысу қажет. Өздеріңді шектемей, кең әрі ауқымды ойлауға тырысыңдар. Сонда ғана толағай табыстарға жетесіздер!", — деді министр Асхат Аймағамбетов.
 width= 1-сынып оқушылары түлектерге сәттілік тілеп, ал талапкерлер мұғалімдер мен ата-аналарына алғыс білдірді. Одан кейін түлектер мектеппен қоштасу вальсін билеп, білім ордасында “Соңғы қоңырау” соғылды. Биыл елімізде 3,4 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды. Оның ішінде 11 (12) сынып түлектері – 150 мыңнан астам, 270 мыңға жуығы – 9 сынып оқушылары. Осы оқу жылында 1-сыныпты 350 мыңнан астам оқушы аяқтады. 9 822 үздік оқушы "Алтын белгіге" үміткер.