Абайлаңыз! Вакцина туралы жалған ақпарат

Абайлаңыз! Вакцина туралы жалған ақпарат

Абайлаңыз! Вакцина туралы жалған ақпарат
ашық дереккөзі
Аудио жазба таратқан адам өзін Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы "Шапағат" клиникасының бас дәрігері Аманжол Адаевпын деп таныстырады. Бұл - жалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz stopfake-ге сілтеме жасай отырып. Аудио хабарламада 2021 жылғы күзде covid-19 вакцинасын алған адамдар жаппай көз жұмады делінген. Сонымен қатар вакцинадан бас тартуға және дәрігерлердің үндеуіне сенбеуге шақырады.
Аманжол Адаевтың бұл хабарламаға ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады портал.
Дәрігердің өзі осы жағдайдан соң аудио хабарлама жазған, онда ол ешқашан вакцинаға қарсы болмағанын, қарсы емес екенін, керісінше оны көптеген қауіпті аурулардың алдын алудың тиімді және қауіпсіз әдісі деп санайтынын айтты.