14 жастағы маникюр шебері Парижде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

14 жастағы маникюр шебері Парижде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

14 жастағы маникюр шебері Парижде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Екібастұздық маникюр шебері Арулат Мұхаметқали Франция астанасында өткен кезекті беделді байқауда жеңіске жетті, деп хабарлайды nur.kz. Арулаттан басқа жарысқа қастысқандардың барлығы ересектер болған. Алайда, бұл 14 жастағы жігітке кедергі болмаған. Жалпы байқауға 30 адам қатысқан.
"Сіздерге қуанышты жаңалық айтқым келіп тұр. Мен Парижде өткен халықаралық тырнақ бояу чемпионатында бірінші орын алдым. Мен әр жеңісіме әрдайым қуанамын және қолдаушыларыма алғыс айтудан шаршамаймын. Баршаңызға рахмет", - деп жазды Мұхаметқали.
"Павлодар-онлайн" жазғандай, қазір Арулат пен оның анасы Сәния Рахимова бизнес ашуға дайындалып жатыр. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Ақмарал Сайтқұлованың айтуынша, осылайша баланың отбасы өзінің сүйікті кәсібін дамытқысы келеді.
"Енді анасы баласының арманын жүзеге асырып, маникюр салонын ашып, ұлымен бірге бизнес бастағысы келеді. Отбасылық бизнес - бұл керемет идея. Хоббиді жеке кәсіпке айналдырудың тамаша мысалы", - деді Сайтқұлова.