Полиция қызметкері прокуратура ғимаратында өз-өзіне оқ атты

Полиция қызметкері прокуратура ғимаратында өз-өзіне оқ атты

Полиция қызметкері прокуратура ғимаратында өз-өзіне оқ атты
ашық дереккөзі
Павлодар облысында полиция қызметкері аудандық прокуратура ғимаратының дәлізінде өз-өзіне оқ атты. Қазір полицейлер әріптесі неліктен мұндай қадамға баруы мүмкін екенін анықтап жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полицияның мәліметінше, 24 мамырда әлеуметтік желіде Железин ауданының аға тергеушісі өзін-өзі атып өлтіргені туралы хабарлама тараған. Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің қаза болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Железинка ауылында 23 мамырда сағат 18.10-да аудан прокуратурасы ғимаратының дәлізінде Железин ауданының аға тергеушісі табельдік қарудан оң иығына оқ атты. Полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды, онда ота жасалды", - деп түсіндірді аймақтық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Утеуов.
Оның айтуынша, қызметкердің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Аталған факті бойынша Павлодар облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Мән-жайлар мен себептер анықталуда", - деді Өтеуов.