Талдықорғанда көлік апатына түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды

Талдықорғанда көлік апатына түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды

Талдықорғанда көлік апатына түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда көлік апатына түскен оқушылардың жағдайы орташа ауыр. «Ауруханаға түскен бес оқушы жабық бас ми жарақатын алған. Миы шайқалған. Түрлі дене соққысы бар. Оқушының бірі ішінен жарақат алса, енді бірінің жақ сүйегі сынған. Барлық бес науқастың жағдайы орташа ауыр», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова. Сонымен қатар, осы көлік апатында оқушылардан бөлек тағы үш адам зардап шеккен болатын. «Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жарақат алған 1964, 1997 және 1995 жылғы науқастар келіп түсті. 1995 жылғы адам денесінен түрлі дәрежедегі соққы алған. 1964 жылғы адамның иығы сынған. 1997 жылғы науқастың мұрны сынған. Жағдайлары қанағаттанарлық», – деп толықтырды Ләйлім Әубәкірова. Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсіп, бес бала зардап шекті. Олардың барлығы 8 бен 16 жастағы балалар.