Коронавирус: А.Цой еліміздегі жағдайға байланысты үш түрлі болжам айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша үш болжам айтты.
«
Пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық болады.
Екінші,
реалистік сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мыңға жетеді.
Ал
оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың болады», – деді А.Цой.
Министр осы сценарийлердің орындалып, орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсендігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар вакцинамен қамтуды ұлғайту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», – деді ведомство басшысы.