Коронавирус: А.Цой еліміздегі жағдайға байланысты үш түрлі болжам айтты

Коронавирус: А.Цой еліміздегі жағдайға байланысты үш түрлі болжам айтты

Коронавирус: А.Цой еліміздегі жағдайға байланысты үш түрлі болжам айтты
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша үш болжам айтты.  «Пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық болады. Екінші, реалистік сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мыңға жетеді. Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың болады», – деді А.Цой.
Министр осы сценарийлердің орындалып, орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсендігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді. «Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар вакцинамен қамтуды ұлғайту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», – деді ведомство басшысы.