Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні

Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні

Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні
ашық дереккөзі
Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні. Ол 27 жасқа толды. Танымал әншіге әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі құттықтаулар келіп жатыр. Димаш Құдайберген 1994 жылғы 24 мамырда дүниеге келді. Ол кішкентайынан ән айтқан, әртүрлі байқауға қатысқан. Алғаш рет 2015 жылы Беларусияда «Славянский базар» өнер фестиваліне қатысып, танымал болды. Димаш Құдайберген туған күнін отбасымен, ата-анасы мен бауырларының ортасында өткізеді. Жанкүйерлері оған бірнеше күннен бері құттықтау хаттарын жолдап жатыр.
«Туған күніне арнап үлкен отырыс жасамаймыз. Туған-туыстар жан-жақтан хабарласып, құттықтап жатады, көптеген елдегі Димаштың тындармандары сәлемдерін жолдап жатады. Қазірдің өзінде әр елдегі тындармандардан құттықтаулар, жеделхаттар келіп жатыр. Осы сәтті пайдалана отырып, сол кісілердің барлығына алғыс айтқым келеді. Ықылас-пейілдеріне шексіз ризамыз. Өнер адамын қанаттандыратын көрерменнің жылы сөзі, ыстық пейілі. Қашан да тындарманның елеп-ескеріп, құттықтау жолдауы әншінің көңілін қанаттандырып, сезімін серпілтеді», - дейді әкесі Қанат Айтбаев.
Димаш әр хатқа, әр тыңдарманның ақжарма тілегіне шын қуанады.
«Отбасымызда туған күнді тойлауға қатысты ешқандай дәстүр жоқ. Риясыз, шын көңілден айтылған құттықтау, дастархан басында отырып, бір-біріне жылы сөз айту – өзіміз үшін бағалы, таптырмайтын сый. Димаштың өзі де үйдегі кісілердің туған күнін ешқашан ұмытпайды, әсіресе аналары мен қарындасына құшақ-құшақ гүл сыйлағанды жақсы көреді», -дейді ол.
Бүгін Димаштың Youtube каналында оның балалық шағы туралы видео жарияланды. Бұл видеода Димаш отбасымен бірге ән айтып, домбыра тартуды үйреніп отыр. Бірнеше сағат ішінде видео 50 мыңнан астам көрілім жинады. Сондай-ақ, осы видеоның астына жанкүйерлер көптеген құттықтау қалдырған. Латвия астанасында Димаштың құрметіне концерт қою үшін әлемнің әр түпкірінен жанкүйлер келді. Үлкен шоу кеш «Рига Арена» стадионында өтті. Кеш шынымен ерекше болды. Сонымен қатар онда Димаштың әндерін тыңдау үшін және қазақстандық әртістің соңғы жаңалықтары мен жетістіктерін талқылау үшін фан-кеш ұйымдастырылды.

Яна РАХМАНОВА