Мемлекет басшысы сайлау туралы құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Back to top button