«Бесінші тоқсан»: жазғы мектеп қандай форматта өтеді – БҒМ

«Бесінші тоқсан»: жазғы мектеп қандай форматта өтеді – БҒМ

«Бесінші тоқсан»: жазғы мектеп қандай форматта өтеді – БҒМ
ашық дереккөзі
Бүгін соңғы қоңырау соғылғанымен, оқу жылы толық аяқталмайды. Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытуда кеткен олқылықтардың орнын толтыру үшін 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектеп жобасын іске асыру туралы шешім қабылдаған болатын. Оған оқушылардың қатысуын ата-аналардың өзі шешеді. Яғни, кім де кім баласы оқу жылында алуы тиіс білімді толық меңгермеді деп есептесе, жазғы мектепке жазыла алады. «Бесінші тоқсан» оқушыларына білім алудың бірнеше форматы ұсынылмақ. «Қосымша сабақтар ата-ананың қалауымен өткізіледі. Оның форматы да әртүрлі болады. Кейбір мектептерде сыныптар дәстүрлі форматта жұмыс істеуі мүмкін немесе әр оқушымен жеке жұмыс жүргізілуі мүмкін. Яғни, формат оқушының қандай тақырыпты игермегеніне байланысты болады», – мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова.