Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, шаңды дауыл күтіледі – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, шаңды дауыл күтіледі – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, шаңды дауыл күтіледі – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазгидромет 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды: Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР-ның оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Ақтөбе, облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.