Қалыбек Қобландин: Қандастар мәселесіне 4 министрлік жауапты

Қалыбек Қобландин: Қандастар мәселесіне 4 министрлік жауапты

Қалыбек Қобландин: Қандастар мәселесіне 4 министрлік жауапты
ашық дереккөзі
"Сырттағы ағайын көшінің саябырсуына бұл мәселені реттеу 4 министрлікке бөлініп кеткені әсер етіп отыр" , - дейді ​ «Қандастар» хабарына сұхбат берген ​ «Отандастар қорының» халықаралық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы, дипломат Қалыбек Қобландин. Қалыбек Ибрагимұлы Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде ​ дипломаттық қызметтерді атқара жүріп, ғалым ретінде сол елдердегі қандастардың тарихы мен өзекті мәселелерін зерттеумен де айналысқан. Өзбекстандағы қазақтардың тарихы жөнінде докторлық диссернтация қорғаған. ​ «Қазір қандастардың құжаттарын реттеу, азаматтық беру, әлеуметтік мәселелерін шешу, сараптамалық талдау мен ақпараттық-түсініктемелік жұмыстар 4 министрлікке СІМ, ІІМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне бөлінген. Осыдан кейін үйлестіру мәселелері әлсіреп отыр", - деп есептейді білікті маман. Ол ​ бұл мәселелермен бір ғана басыбайлы мекеме айналысса,нәтиже болатындығын алға тартады. Толық ақпарат хабардың үнтаспасында.