Жаңалықтар

"Осы жер - менің Отаным. Отбасым. Ошағым": Қарақат Әбілдина елге оралды

ашық дереккөзі

"Осы жер - менің Отаным. Отбасым. Ошағым": Қарақат Әбілдина елге оралды

Былтырдан бері Түркиядан үй алып, сол жақта тұрып жатқан танымал отандық әнші Қарақат Әбілдина елге оралды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz. Қарақат Әбілдина туған жерін қатты сағынғанын жазды. Оның айтуынша әлемде туған жерден артық жер жоқ. "8 ай туған жерде болған жоқпын. Ал бүгін Астанадамыз! Осы жер - менің Отаным. Отбасым. Ошағым. Мен мұны жаныммен, жүрегіммен, тәнімнің әр клеткасымен сезінемін. Құлағыма әдемі әуендер келе бастады. Көңілімде бір шабыт желі еседі. Бұл - жақсылықтың белгісі. Топырағыңнан айналайын, Туған жер! Ес жиып еңсемді тіктеуім үшін, қайғыға тізе бүкпеуім үшін, кішкентайымды ептеуім үшін өзіңнен алыстауым керек еді. Қайта айналып келер тұрағым - Өзіңсің!" - деп жазды әнші.