Енді Қазақстан азаматтары Amazon алаңында ашық сауда жасай алады

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook парақшасында жариялады.
«Amazon-мен келіссөздерді аяқтадық. Сонымен, 20 мамырдан бастап біздің еліміз әлемдегі ең ірі электрондық коммерция платформаларының бірінде сауда жасауға «рұқсаты бар» тізіміне енгізілді. Орталық Азиядағы көршілерімізге де «бізбен бірге рұқсат алып» үлгергені жағымды бонус болды. Біз өз кәсіпорындарымызға, әсіресе шағын және орта бизнесті тек өндірісте ғана емес, сонымен бірге болашақта біртұтас Орталық Азия бренді ретінде аймақ өнімдерін бірлесіп жылжытуға көмектесуге деген ниетімізді басшылыққа алдық. Қазақстандық кәсіпкерлер төлемді тікелей қазақстандық банктер арқылы алып, өз еліміздің атынан сауда жасай алу мүмкіндігі бар – Қазақстанды енді сатушы елдердің тізімінен табуға болады», – дейді министр.
Amazon платформасында әлемнің 200-ден астам елі мен жүздеген млн белсенді клиенттер бар. Онда 188 елдің сатушылары тіркелген. Өткен жылы оның таза сатылымы 386,1 млрд долларды құраған.
Back to top button