Қырғыз президенті тағы да Ресейге аттанды

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров бүгін жұмыс бабымен Сочи қаласына ұшты, деп хабарлайд centralasian.org.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жапаров Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Президенттер екі ел әріптестігінің өзбекті мәселелерін талқылайды.

Аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, – делінген ресми мәліметте.

Мәліметтерге қарағанда, Қырғызстанның ресми делегациясының құрамында сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, президент әкімдігінің өкілі Дастан Дюшекеев, сонымен бірге қырғыздың Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат бар.

Бұған дейін хабарланғандай, Жапаров пен Путин қырғыз-тәжік шекарасындағы тұрақтылық секілді аймақтағы өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

8 мамырда Владимир Путин Мәскеуде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, тәжік-қырғыз шекарасындағы оқиға жөнінде әңгімелескен еді.

28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада қарулы жанжал болып, ондаған адам қаза тапқан болатын.

Back to top button