Қарағандыда үйдің қабырғасын бұзып кірген ұры ұсталды

Қарағандыда үйдің қабырғасын бұзып кірген ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 сәуір күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 28 жасар қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне жер үйде тұратынын айтып, бір күнге басқа жаққа кеткенін және үйіне қайтып келгенде белгісіз біреу үйінің бір қабырғасын бұзып ұрлық жасағанын жеткізген.

Күдікті ол үйден, екі іс машинасын, жеті теледидар және пеш құдығын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 660 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 19 мамыр күні криминалдық полиция қызметкрлерімен аталған қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен күдіктінің 42 жастағы қала тұрғынының 41 мың теңге тұратын ұялы телефон ұрлығына қатыстылығы анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button