Ералы Тоғжанов Бекболат Тілеуханның феминистер шеруі туралы депутаттық сауалына жауап берді
Ералы Тоғжанов Бекболат Тілеуханның феминистер шеруі туралы депутаттық сауалына жауап берді
Вице-премьер Ералы Тоғжанов мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның депутаттық сауалына жауап берді, ол 8 наурызда Алматыда феминистер шеруінің заңдылығын тексеруді сұраған болатын, деп жазды Orda.kz.
Бұған дейін Бекболат Тілеухан шеру кезінде әкімдік мақұлдаған мәселелерден басқа, елде тыйым салынған экстремистік ұйымның ұрандары айтылғанын, сонымен қатар бір жынысты неке мен жыныстың өзгеруі туралы насихат жүргізілгенін де атап өткен болатын.
Мәжілісмен вице-премьерден акцияның заңдылығын тексеріп, балаларды "зиянды" ақпараттан қорғауды сұрады.
Өз жауабында Тоғжанов шеру мен митинг Алматы әкімдігімен келісілгенін жазды.
- Мүдделі мемлекеттік органдар акция кезінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, акция кезінде қоғамдық тәртіп бұзылмаған, – делінген жауапта.
Митингті ұйымдастырушылар "әр түрлі әйелдердің құқығы" тақырыбын алдын-ала бекіткен.