Коронавирустан әлем бойынша 115 мыңнан астам медицина қызметкері көз жұмған

Бүкіл әлем бойынша COVID-19 салдарынан 115 мыңнан астам медицина қызметкері қайтыс болды, – деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс.

«Әлі толық есеп берілмесе де, кем дегенде 115 мың медицина қызметкері қызметтерін атқару кезінде көз жұмды деп айта аламыз», — деді Гебрейюс.

Оның ДДСҰ-ның 74-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі Twitter-де жарияланды.

Back to top button