Түркістан қаласының әкімі Илон Маскке ұсыныс айтты

Рашид Аюпов Млон Маскке Түркістан қаласында Tesla зауытын салуды ұсынып, Twitter-де жариялады, – деп хабарлайды NEGE. 

«Бізде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Ұлы Жібек жолы Түркістан арқылы өткен. Сондай-ақ, бізде барлық қажетті инфрақұрылым бар. Түркістан – Tesla зауыты үшін ең қолайлы орын», – деп атап өтті ол.

Бірнеше күн бұрын Илон Маск Tesla-ның Қазақстанда ресми түрде ашылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Back to top button