Жаңалықтар

Вакцинада чип бар ма? — ғалымдар нақты жауап берді

ашық дереккөзі

Вакцинада чип бар ма? — ғалымдар нақты жауап берді

Reuters Fact Check зерттеушілер тобы коронавирусқа қарсы вакциналарда микрочиптер, металдар немесе магниттер бар ма деген сұраққа біржола нүкте қойды, деп хабарлайды Liter.kz. Сарапшылар мен ғалымдар коронавирус инфекциясын тоқтатудың жалғыз жолы жаппай вакцина егу екенін айтады. Алайда, кей елдерде (Қазақстанды қоса алғанда) бұл процесс өте баяу жүріп жатыр. Оның негізгі себептерінің бірі халықтың вакцинаға деген сенімсіздігі болып отыр.